Басты бетке

Серіктес келісімі

ЖАРИЯ ОФЕРТА «НОбал» сервисіне қолжетімділікті ұсыну бойынша қызметтер көрсету туралы Алматы қаласы «22» Қыркүйек 2026 ж.

«НОбал» ЖШС, БСН 260740021525, Жарғы негізінде әрекет ететін директоры Жанбекұлы Даулет атынан, осы Офертаны жариялайды және төменде көрсетілген талаптарда шарт жасасуға тұлғалардың анықталмаған тобын (бұдан әрі – Серіктестер) шақырады.

Осы құжат Жария Оферта (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395-бабы) және қосылу шарты (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389-бабы) болып табылады, оның талаптары Сервис тарапынан стандартты нысанда айқындалған және Серіктес ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдай алады.

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Осы Офертада келесі терминдер пайдаланылады:

Акцепт Оферты – Офертаның 3-бөлімінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру арқылы Офертаны толық және сөзсіз қабылдау;

Сервис / Платформа – «NObal» веб-сайты мен мобильді қосымшасын қамтитын, Пайдаланушылар мен Серіктестерге Nobal pack-ті сатып алу және іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппараттық кешен.

NObal / Орындаушы – «Нобал» ЖШС, Серіктес пен Пайдаланушы арасында ақпараттық-технологиялық делдал ретінде әрекет ететін, сервиске қолжетімділікті ұсыну бойынша қызметтер көрсететін заңды тұлға.

Серіктес – осы офертаның шарттарын қабылдаған және сервисте тіркелген тамақ өнімдерін дайындау және/немесе өткізу қызметін жүзеге асыратын (мейрамхана, кафе, дүкен, асхана, өзге де қоғамдық тамақтану немесе сауда мекемесі) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.

Пайдаланушы – Серіктестерден Nobal pack-ті брондау және сатып алу үшін Сервисті пайдаланатын жеке тұлға.

Nobal pack – Пайдаланушыларға жеңілдікпен Сервис арқылы ұсынылатын, іске асырылмаған, бірақ тұтынуға жарамды өнімдердің Серіктес қалыптастырған азық-түлік жиынтығы. Жинақтың нақты құрамы алдын-ала ашып көрсетілмейді, Пайдаланушыға тек құрамы туралы болжамды ақпарат беріледі.

Листинг / Ұсыныс – Сервисте Серіктес орналастыратын Nobal pack туралы ақпарат, оның ішінде құны, саны, алу орны мен уақыты, сондай-ақ құрамы туралы болжамды ақпарат.

Брондау / Тапсырыс – Пайдаланушының Сервис арқылы Nobal pack-ті таңдау әрекеті.

Алу коды – тапсырыс төленгеннен кейін Пайдаланушыға Серіктестен Nobal pack-ті алу үшін берілетін бірегей идентификатор.

Алу – Алу кодын ұсынғаннан кейін Серіктес Nobal pack-ті Пайдаланушыға нақты беру сәті.

NObal комиссиясы – Сервиске қолжетімділікті ұсыну бойынша көрсеткен қызметтері үшін Орындаушының сыйақысы., ол сәтті аяқталған Тапсырыс құнының 15%-ын құрайды

Оферта – ««НОбал» сервисіне қолжетімділікті ұсыну бойынша қызметтер көрсету туралы Оферта» атты, Интернет желісінде мына мекенжайда орналастырылған осы құжат: https://nobal.kz/.

Офертада 1-бөлімде анықталмаған терминдер қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай терминді түсіндіру Оферта мәтініне сәйкес жүргізіледі. Егер Оферта мәтінінде терминнің бірмәнді түсіндірмесі болмаса, терминді түсіндіру кезінде: бірінші кезекте — Қазақстан Республикасының заңнамасында, екінші кезекте — Сервисте, содан кейін — Интернет желісінде қалыптасқан (жалпы пайдаланылатын) мағына басшылыққа алынады.

2. ШАРТТЫҢ МӘНІ

2.1. Орындаушы Серіктеске Nobal pack-ті іске асыру туралы Ұсыныстарды орналастыру үшін Сервиске қолжетімділікті ұсынуға міндеттенеді, ал Серіктес Орындаушының қызметтеріне осы Офертада көзделген тәртіппен және талаптарда ақы төлеуге міндеттенеді.

2.2. Орындаушы тамақ өнімдерін сатушы болып табылмайды, оларды өндірмейді, сақтамайды, тасымалдамайды және өткізбейді. Nobal pack-ті сатып аул-сату шарты тікелей Серіктес пен Пайдаланушы арасында жасалады.

2.3. Орындаушы Серіктеске:

  • ұсыныстарды басқару үшін жеке кабинетке қолжетімділікті (MyStore);
  • Nobal pack туралы ақпаратты орналастыру мүмкіндігін;
  • Nobal pack-ті брондауфункционалын;
  • ақпараттық және техникалық қолдауды ұсынады.

3. ОФЕРТАНЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ АКЦЕПТЕУ ТӘРТІБІ

3.1. Осы Офертаны акцептеу Серіктестің мынадай кезекті әрекеттерді жүзеге асыруы танылады:

  • Сайтта немесе Қосымшада тіркеу формасын толтыру;
  • Серіктес туралы толық және шынайы деректерді ұсыну (атауы, БСН/ЖСН, заңды мекенжайы, нақты мекенжайы, банк деректемелері, байланыс деректері);
  • «Мен Оферта талаптарымен таныстым және қабылдаймын» (немесе мағынасы жағынан ұқсас) батырмасын басу.

3.2. Акцепт жасалған сәттен бастап осы Оферта қабылданған болып есептеледі, ал Орындаушы мен Серіктес арасындағы шарт – осы Оферта талаптарында жасалған болып есептеледі. Шарт серіктес Акцепт бойынша барлық әрекеттерді орындаған сәттен бастап жасалған болып саналады, ал Ұсыныстарды орналастыру бойынша қызметтер Серіктестің аккаунтын Орындаушы іске қосқаннан кейін көрсетіле бастайды.

3.3. Серіктестің атынан Офертаны Акцептеуді жүзеге асыратын тұлға Серіктестің атынан әрекет ету үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие екенін растайды.

4. СЕРІКТЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Серіктес міндетті:

4.1.1. Өзі және өз қызметі туралы тек сенімді, толық және өзекті ақпарат ұсынуға.

4.1.2. Жеке кабинеттегі ақпаратты өзекті күйде ұстауға.

4.1.3. Тек тұтынуға жарамды, қауіпсіз және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңның талаптарына сәйкес келетін азық-түлік өнімдері туралы Ұсыныстарды орналастыруға.

4.1.4. Азық-түлік өнімдерін оларды Сервис арқылы өткізу мақсатында арнайы өндірмеуге. Nobal pack тек сатылмаған артық өнімдерден қалыптастырылуға тиіс.

4.1.5. Nobal pack құрамының нақты құнының мәлімделген болжамды/әдеттегі құнына сәйкестігін қамтамасыз ету. Пайдаланушы үшін Nobal pack құны оның құрамының мәлімделген болжамды/әдеттегі құнынан кемінде 30% (отыз пайыз) төмен болуға тиіс. Ұсыныс Сервисте орналастырылғаннан кейін Nobal pack құнын өзгертуге тыйым салынады, бұл ретте Пайдаланушы үшін оның құнын арттырмай, Nobal pack құрамын ұлғайтуға жол беріледі.

4.1.6. Пайдаланушыға сұраныс бойынша Nobal pack құрамына кіретін өнімдердің құрамы, аллергендері, жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары туралы ақпарат беруге.

4.1.7. Қазақстан Республикасының санитариялық, тамақ өнімдері туралы және өзге де заңнамасының барлық талаптарын сақтауға.

4.1.8. Сервис арқылы келіп түскен Тапсырыстарды орналастыруға немесе қажет болған жағдайда оларды жоюға.

4.1.9. Nobal pack-ті Пайдаланушыларға көрсетілген уақытта және көрсетілген мекенжай бойынша беруді қамтамасыз етуге. Бұл ретте беру үшін белгіленген ең аз уақыт аралығы 30 минуттан кем болмауға тиіс.

4.1.10. Орындаушыға оның сұрауы бойынша Серіктес және оның қызметі туралы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға.

4.1.11. Серіктестің бірнеше филиалы болған жағдайда, әрбір филиал үшін Платформада жеке тіркеу жүргізілуі тиіс.

4.2. Серіктес құқылы:

4.2.1. Осы Офертада белгіленген талаптар мен шектеулерді ескере отырып, Nobal pack санын, құнын және беру уақытын өз бетінше айқындауға.

4.2.2. Тапсырысты орындау объективті мүмкін болмаған жағдайда (өнімдердің болмауы, техникалық проблемалар және т.б.) Пайдаланушыны міндетті түрде хабардар ете отырып, оны жоюға. Бұл ретте жою Nobal pack-ті беру уақытына дейін кемінде 1 сағат бұрын жүргізілуі тиіс.

4.2.3. Брондалмаған тапсырыстарды жоюға.

5. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Орындаушы міндетті:

5.1.1. Осы Офертаның талаптарына сәйкес Серіктеске Сервиске қолжетімділікті ұсынуға.

5.1.2. Ұсыныстарды орналастыру және Пайдаланушылардың брондауын жүзеге асыру үшін техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етуге.

5.1.3. Пайдаланушылар мен Серіктестердің өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауға.

5.2. Орындаушы құқылы:

5.2.1. Аккаунтты іске қосқанға дейін Серіктесті және ол ұсынған құжаттарды тексеруге, сондай-ақ Шарттың қолданылу кезеңінде кез келген уақытта қайта тексеруді жүргізуге.

5.2.2. Себептерін түсіндірместен Серіктесті тіркеуден бас тартуға.

5.2.3. Келесі жағдайларда Серіктестің Сервиске қолжетімділігін уақытша тоқтата тұруға немесе толығымен тоқтатуға:

  • Серіктестің осы офертаның талаптарын бұзуы;
  • Пайдаланушылардан негізделген шағымдардың келіп түсуі;
  • алаяқтық әрекеттерге күдіктің болуы;
  • азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты мәселелердің анықталуы;
  • Орындаушының сұрауы бойынша құжаттардың ұсынылмауы;
  • Орындаушы алдында берешектің болуы.

5.2.4. Осы Офертаның талаптарын 13-бөлімде көзделген тәртіппен өзгертуге.

5.2.5. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде айрықша емес, өтеусіз лицензия талаптарында Серіктес ұсынған атауды, логотипті, фотосуреттерді және өзге де ақпаратты Сервисте мекемені көрсету және ілгерілету мақсатында пайдалануға.

6. ҰСЫНЫСТАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ

ЖӘНЕ ТАПСЫРЫСТАРМЕН ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

6.1. Серіктес жеке кабинетте Ұсыныстарды орналастыра отырып, келесі ақпаратты көрсетеді:

  • Nobal pack-тің шамамен құрамы (өнім санаты, тағам түрі және т. б.);
  • қолжетімді Nobal pack саны;
  • Пайдаланушы үшін Nobal pack құны;
  • құрамының шамамен/әдеттегі құны;
  • Nobal pack-ті алу орны мен уақыты;
  • берудің ең аз уақыт аралығы – кем дегенде 30 минут.

6.4. Брондау расталғаннан кейін Пайдаланушыға Қосымшада көрсетілетін цифрлық Алу коды (Тапсырыс идентификаторы) беріледі.

6.5. Nobal pack үшін төлемді Пайдаланушы алу орнында тікелей Серіктеске қолма-қол ақшамен немесе төлем картасын пайдалану арқылы (Серіктесте POS-терминал болған жағдайда) жүргізеді. Қолма-қол ақшамен төлеген кезде Серіктес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пайдаланушыға бақылау-кассалық машинасының фискалдық чегін (тауар чегін) беруге міндетті.

6.6. Серіктес Nobal pack-ті Пайдаланушыға Алу кодын көрсетіп, төлем жасағаннан кейін белгіленген уақытта беруге міндетті.

6.7. Nobal pack-ті алу фактісі Пайдаланушының Қосымшадағы жүгірткіні тек мекеме ішінде және Серіктес қызметкерінің қатысуымен соңына дейін жылжытуы танылады. Бұл әрекет Cервисте тіркеледі және тауардың Gайдаланушыға берілгенін растайды.

6.8. Серктес Nobal pack-ті Пайдаланушыларға кезектен тыс беруге міндетті.

6.9. Егер Пайдаланушы жүгірткіні жылжытқан болса, бірақ Серіктеске тәуелді емес себептер бойынша Nobal pack-ті іс жүзінде алмаған жағдайда, Серіктес алу фактісіне қатысты мәселені қарастыру үшін NObal қолдау қызметіне жүгінуге құқылы. Мұндай өтініштерді қарау тәртібі Сервистің ішкі ережелерімен айқындалады.

6.10. Nobal pack үшін төлемді Пайдаланушы тікелей Серіктеске жүргізетіндіктен, Серіктес ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны (БКМ) не деректерді беру функциясы жоқ БКМ қолдануға міндетті.

6.11. Қолма-қол ақша қабылдаған кезде Серіктес Пайдаланушыға төлемнің барлық сомасына БКМ фискалдық чегін (қағаз немесе электрондық түрде) беруге міндетті. Фискалдық чекте ҚР заңнамасында белгіленген міндетті деректемелер болуы тиіс, оның ішінде:

  • салық төлеушінің (Серіктестің) атауы;
  • Серіктестің ЖСН/БСН;
  • сауда нүктесінің мекен-жайы;
  • БКМ-нің зауыттық және тіркеу нөмірлері;
  • фискалдық белгі;
  • Тауарлардың ұлттық каталогына (ТҰК) сәйкес тауардың атауы;
  • саны, өлшем бірлігі, бағасы және есеп айырысудың жалпы сомасы;
  • фискалдық деректер операторы (ФДО) туралы мәліметтер және чектің түпнұсқалығын тексеру үшін штрих-код.

6.12. Төлем карталарын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде Серіктес Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Пайдаланушыға төлем фактісін растайтын құжатты (слип, POS-терминал түбіртегі) беруді қамтамасыз етуге міндетті.

6.13. Орындаушы Серіктестің фискалдық чек беру жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жауап бермейді. Серіктестің БКМ қолдану туралы заңнаманың талаптарын сақтамауына байланысты барлық тәуекелдер Серіктеске жүктеледі.

6.14. Пайдаланушыдан фискалдық чектің болмауына байланысты шағым түскен жағдайда, Орындаушы Серіктестен чектің берілгенін растайтын құжатты сұратуға және қажет болған жағдайда бұзушылық жойылғанға дейін Серіктестің Сервиске қолжетімділігін тоқтата тұруға құқылы.

7. ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛАПТАР МЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ

7.1. Пайдаланушының Nobal pack үшін төлемі тікелей Серіктеске төленеді. Орындаушы Пайдаланушылардан ақша қаражатын қабылдамайды және Серіктес пен Пайдаланушы арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша тарап болып табылмайды.

7.2. Орындаушы Серіктеске Сервиске қолжетімділікті ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді. Көрсетілген қызметтер үшін Орындаушының сыйақысы әрбір сәтті аяқталған тапсырыс құнының 15%-ын (он бес пайызын) құрайды.

7.2.1. Уақытша жеңілдікті шарт ретінде Орындаушы 2026 жылғы 30 қарашаны қоса алғандағы кезеңде аяқталған Тапсырыстар үшін Серіктестен NObal комиссиясын есептемейді және алмайды. Мұндай Тапсырыстар бойынша Серіктес NObal комиссиясын төлеу міндетінен босатылады. 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап NObal комиссиясы осы Офертаның 7.2-тармағында белгіленген мөлшерде есептеледі және төленуге жатады.

7.3. Пайдаланушы Серіктеске төлем жасап, Nobal pack-ті белгіленген тәртіппен (Офертаның 6.7-тармағы) алған Тапсырыс сәтті аяқталған Тапсырыс болып есептеледі.

7.4. Есептік кезең – бір күнтізбелік ай.

7.5. Орындаушы ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 1 (бірінші) күніне Серіктеске жолдайды:

  • комиссияны төлеуге арналған шот;
  • орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі;
  • электрондық шот-фактура (қажет болған жағдайда);
  • басқа да растайтын құжаттар.

7.6. Серіктес 7.5-тармақта көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде олардың дұрыстығы мен шынайылығын тексереді және орындалған жұмыстар актісіне қол қояды не дәлелді қарсылықтарды жібереді.

7.7. 7.6-тармақта көрсетілген мерзімде Серіктестен дәлелді қарсылықтар келіп түспеген жағдайда, қызметтер Серіктес тарапынан толық көлемде қабылдаған болып есептеледі.

7.8. Серіктес Орындаушының комиссиясын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін Орындаушының есеп айырысу шотына ақша қаражатын қолма-қол ақшасыз аудару арқылы төлеуге міндетті.

7.9. Комиссия 7.8-тармақта белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, Орындаушы құқылы:

  • әрбір мерзімі өткен күн үшін берешек сомасының 0,1%-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ берешек сомасының 10%-ынан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл есептеуге;
  • Серіктестің Сервиске қолжетімділігін берешек толық өтелгенге дейін тоқтата тұруға;
  • берешекті сот тәртібімен өндіріп алуға.

7.10. Пайдаланушылар Серіктеске төлеген сомалар Орындаушыға аударылуға жатпайды. Орындаушы іске асырылған Nobal pack үшін Серіктеспен есеп айырысуды жүзеге асырмайды.

7.11. Орындаушы Серіктеске Пайдаланушыдан төлем түспегені үшін жауап бермейді. Төлем жасамау тәуекелі Серіктеске жүктеледі.

7.12. Тараптар осы бөлім бойынша қатынастар ҚР Азаматтық кодексінің мағынасындағы комиссия, тапсырма немесе агенттік шарты болып табылмайтынын растайды. Орындаушы Серіктестің тауарларын сатып алмайды және иеліктен шығармайды және Серіктестің атынан қандай да бір мәмілелер жасамайды.

7.13. Тараптар Офертаның 7.5-тармағы тәртібімен Орындаушы Серіктеске жіберетін орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне (бұдан әрі – ОЖА, Қосымша №1) Орындаушының уәкілетті тұлғасының қолын (факсимилесін) факсимильді жаңғыртуды пайдалана отырып, Орындаушы тарапынан қол қойылуы мүмкін екенін мойындайды. Мұндай ОЖА өз қолымен қол қойылған құжатқа тең заңды күшке ие және көрсетілген қызметтердің фактісі мен көлемін тиісті растау, сондай-ақ Тараптар арасында есеп айырысулар жүргізу үшін негіз болып табылады.

7.14. Серіктес факсимилені пайдалана отырып, орындаушы қол қойған ОЖА-не тек өз қолының болмауы себебінен ғана дауласуға құқылы емес. Серіктес сондай-ақ Серіктестің тиісті ішкі шешімі болған кезде факсимилені пайдалана отырып, ОЖА-не қол қоюға құқылы.

7.15. Тараптар Шарт бойынша ОЖА тек электрондық нысанда рәсімделеді, қол қойылады және жіберіледі деп келісті, Шарт бойынша ОЖА қағаз нысанын пайдалану қолданылмайды.

8. СЕРІКТЕСТІҢ ӨНІМДЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

8.1. Серіктес келесілер үшін толық жауап береді:

  • Nobal pack құрамына кіретін өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі;
  • өнімдердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
  • құрамы, аллергендер мен аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін өзге заттардың болуы;
  • өнімдердің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары;
  • таңбалаудың дұрыстығы және өнім туралы ақпарат беру;
  • санитарлық және басқа талаптардың сақталуы.

8.2. Серіктес Орындаушыны келесі жағдайлар туралы дереу хабардар етуге міндетті:

  • өнімді кері қайтарып алу;
  • Сервис арқылы өткізілген өнімдерге байланысты мәселелерді немесе тәуекелдерді анықтау;
  • қызметті жүзеге асыру үшін қажетті лицензиядан немесе рұқсаттан айырылғаны.

8.3. 8.2-тармақта көрсетілген жағдайларда Орындаушы барлық тиісті Тапсырыстардың күшін жоюға, Пайдаланушыларды хабардар етуге құқылы.

9. АҚША ҚАРАЖАТЫН ҚАЙТАРУ

ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

9.1. Nobal pack азық-түлік өнімі (азық-түлік тауары) болғандықтан, пайдаланушының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 14-бабында көзделген 14 күнтізбелік күн ішінде тиісті сапалы тауарды қайтару құқығы қолданылмайды. Азық-түлік тауарын қайтару немесе айырбастау «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабының 1-1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

9.2. Пайдаланушыға ақша қаражатын қайтару негіздері:

- жарамдылық мерзімі өткен Nobal pack-ті сату;

- Пайдаланушының Nobal pack құрамына кіретін өнімдердің кемшіліктерін анықтауы (бүлінген өнім, мәлімделген сипаттамаға сәйкес келмеуі, бөгде заттардың болуы және т. б.);

- Nobal pack құрамының мәлімделген сипаттамаға сәйкес келмеуі (елеулі айырмашылық, оның ішінде санатта көрсетілген өнімдердің болмауы);

- Серіктеске байланысты себептер бойынша Nobal pack-тің алу орны мен уақытында болмауы;

- брондау расталғаннан кейін Серіктестің Тапсырыстан бас тартуы;

- «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңда көзделген өзге де жағдайлар.

Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша ақша қаражатын қайтару Nobal pack сатып алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

9.3. Nobal pack-те кемшіліктерді немесе қайтарудың өзге де негіздерін анықтаған Пайдаланушы міндетті:

- Nobal pack-ті алу кезінде тікелей Серіктеске жүгінуге (алу кезінде кемшіліктер анықталған жағдайда);

- немесе Nobal pack-ті алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде кемшіліктерді растайтын фотосуреттерді қоса тіркеп және Тапсырыс нөмірін көрсете отырып, NObal қолдау қызметіне жүгінуге.

9.4. Орындаушы ақша қаражатын қайтаруға байланысты Пайдаланушылардың өтініштерін қабылдайды және тіркейді. Орындаушы өтінішті қарау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды Серіктестен сұратуға құқылы. Серіктес сұратылған ақпаратты сұратуды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беруге міндетті.

9.5. Орындаушы Пайдаланушының өтінішін қарайды және Пайдаланушы мен Серіктестен алынған ақпаратты, сондай-ақ Сервис деректерін басшылыққа ала отырып шешім қабылдайды. Орындаушы құқылы:

- қайтару үшін негіздер болмаған кезде Пайдаланушының шағымын қанағаттандырудан бас тартуға;

- талапты негізді деп танып, Серіктесті Пайдаланушыға ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асыруға міндеттеуге;

- шағымды реттеу үшін Пайдаланушыны тікелей Серіктеске жіберуге (егер шағым тек өнімнің сапасына немесе құрамына қатысты болса және сол жерде шешілуі мүмкін болса).

9.6. Nobal pack үшін төлемді Пайдаланушы тікелей Серіктеске төлегендіктен, ақшаны қайтаруды Серіктес жүзеге асырады. Орындаушы өз қаражаты есебінен ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырмайды.

9.7. Серіктес үшін салдары. Пайдаланушының шағымы негізді деп танылған жағдайда, Орындаушы құқылы:

- тиісті Nobal pack құнын ағымдағы есептік кезеңдегі комиссияны есептеу сомасынан алып тастауға из расчёта комиссии за текущий расчётный период (егер комиссия әлі есептелмеген болса);

- Пайдаланушыға ақша қаражаты қайтарылғаны расталғанға дейін Серіктестің Сервиске қолжетімділігін тоқтата тұруға;

- негізді шағымдар жүйелі түрде келіп түскен жағдайда – Офертаның 13-бөлімінде көзделген тәртіппен Серіктеспен серіктестікті тоқтатуға.

9.8. Серіктес, егер Пайдаланушымен өзге мерзім келісілмесе, Серіктес Орындаушының шағымды негізді деп тану туралы шешімін алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыға ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.

9.9. Орындаушы Nobal pack сатып алу-сату шарты бойынша тарап болып табылмайды және өнімнің сапасы, қауіпсіздігі және өзге де сипаттамалары үшін жауапты болмайды. Алайда, Сервистің сапасын қамтамасыз ету мақсатында Орындаушы осы бөлімде көзделген тәртіппен дауларды шешуге жәрдем көрсетеді.

9.10. Егер Пайдаланушы алу жүгірткісін жылжытқан (Оферта 6.7-тармағы), бірақ Серіктеске тәуелді емес себептер бойынша Nobal pack-ті іс жүзінде алмаған болса, ақша қаражатын қайтару жүргізілмейді. Серіктес Сервистің ішкі ережелерінде белгіленген тәртіппен алу фактісіне дау айту үшін NObal қолдау қызметіне жүгінуге құқылы.

10. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

10.1. Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

10.2. Орындаушы жауап бермейді:

  • Серіктес сататын өнімдердің сапасы, қауіпсіздігі және басқа сипаттамалары;
  • Серіктестің Пайдаланушылар алдындағы міндеттемелерін орындауы;
  • серіктестің кез келген жанама шығындары (алынбаған пайда және т.б.).

10.3. Шарт бойынша Орындаушының жиынтық жауапкершілігі бұзушылыққа жол берілген есептік кезеңде Серіктестен алынған NObal комиссиясының сомасымен шектеледі.

10.4. Серіктес Орындаушыға келесі жағдайларға байланысты туындаған барлық шығындарды (сот шығындарын, мемлекеттік органдардың айыппұлдарын қоса алғанда) өтеуге міндеттенеді:

  • Серіктестің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнама талаптарын бұзуы;
  • үшінші тұлғалардың (пайдаланушыларды қоса алғанда) құқықтарын бұзуы;
  • дұрыс емес ақпарат беруі.

11. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

11.1. Орындаушы Пайдаланушылардың дербес деректерінің операторы болып табылады. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушылардың дербес деректері Пайдаланушының келісімінсіз Серіктеске берілмейді.

11.2. Серіктес өз қызметкерлерінің және өзге де тұлғалардың деректеріне қатысты Қазақстан Республикасының Дербес деректер туралы заңнамасының талаптарын сақтауға міндеттенеді.

11.3. Тараптар Шартты орындау шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.

12. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

12.1. Барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

12.2. Шағымға жауап беру мерзімі – оны алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн

12.3. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Орындаушының орналасқан жері бойынша соттың қарауына беріледі.

12.4. Сотқа дейінгі (наразылық) реттеу тәртібін сақтау міндетті болып табылады.

13. ОФЕРТАНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ

ЖӘНЕ ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

13.1. Орындаушы осы Офертаның талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

13.2. Өзгерістер Офертаның жаңа редакциясы Сайтта және Қосымшада орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

13.3. Елеулі өзгерістер туралы Орындаушы Серіктестерге өзгерістер күшіне енген күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын хабарлайды.

13.4. Шарт Офертаны Акцептеу сәтінен бастап күшіне енеді және ол бұзылғанға дейін қолданылады.

13.5. Шарт бұзылуы мүмкін:

  • Тараптардың келісімі бойынша;
  • Орындаушының бастамасы бойынша 5 жұмыс күні бұрын хабарлау арқылы (5.2.3-тармақ);
  • еріктестің бастамасы бойынша 15 күнтізбелік күн бұрын хабарлау арқылы.

14. ФОРС-МАЖОР (ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ)

14.1. Егер Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы Шарт жасалғаннан кейін туындаған, Тараптар алдын ала болжай алмаған және ақылға қонымды шаралармен алдын ала алмаған төтенше сипаттағы оқиғалардың нәтижесінде пайда болған еңсерілмейтін күш жағдайларының (форс-мажор) салдары болса, Тараптар міндеттемелердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатылады.

14.2. Еңсерілмейтін күш жағдайларына: табиғи апаттар (жер сілкіністері, су тасқындары, өрттер), әскери іс-қимылдар, эпидемиялар, пандемиялар, ереуілдер, мемлекеттік органдардың әрекеттері, Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін еместігіне әкеп соққан заңнамадағы өзгерістер, сондай-ақ Тарап алдын ала болжай алмаған және алдын ала алмаған өзге де жағдайлар жатады.

14.3. Міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған Тарап форс-мажор жағдайларының басталғаны туралы екінші Тарапқа олар басталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

14.4. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор жағдайларының қолданылу уақытына мөлшерлес ұзартылады.

14.5. Егер форс-мажор жағдайлары қатарынан 30 (отыз) күнтізбелік күннен астам уақыт әрекет етсе, Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

15. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

15.1. Сервиске, оның ішінде бағдарламалық жасақтамаға, дизайнға, контентке, тауар белгілеріне және зияткерлік меншіктің өзге де объектілеріне қатысты барлық құқықтар Орындаушыға тиесілі.

15.2. Серіктес Шарттың қолданылу мерзіміне Орындаушыға Серіктес ұсынған атауды, логотипті, фотосуреттерді, тауарлардың сипаттамаларын және өзге де ақпаратты Сервисте Серіктес туралы ақпаратты орналастыру, Сервисті ілгерілету және жарнамалық мақсаттарда әлемнің барлық елдерінің аумағында пайдалану үшін айрықша емес, өтеусіз лицензия береді.

15.3. Орындаушы Серіктес ұсынған материалдарды кез келген тәсілмен, оның ішінде қайта жаңғырту, жария көрсету, жалпыға бірдей назарға жеткізу, қайта өңдеу және құрамдас туындылардың құрамына енгізу арқылы пайдалануға құқылы.

15.4. Серіктес өзі ұсынған материалдар үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік объектілеріне қатысты құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді.

15.5. Серіктестің материалдарын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың зияткерлік меншікке қатысты құқықтары бұзылған жағдайда, барлық тәуекелдер мен жауапкершілік Серіктеске жүктеледі.

16. СЕРІКТЕСТІҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САНКЦИЯЛАРЫ

16.1. Серіктес Тапсырысты Алу үшін белгіленген уақытқа 1 сағаттан аз уақыт қалғанда негізсіз жойғаны үшін, сондай-ақ Пайдаланушыға белгіленген уақытта келген кезде Nobal pack-ті бермегені үшін (дайын жиынтықтың болмауы) Серіктеске ескерту жасалады.

16.2. Тапсырыстарды растау мерзімдерін және осы Офертаның өзгеде талаптарын жүйелі түрде (күнтізбелік бір ай ішінде 3 реттен артық) бұзған жағдайда, Орындаушы серіктестікті тоқтатуға немесе мән-жайлар анықталғанға дейін платформадағы Серіктестің қызметін тоқтата тұруға құқылы.

17. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫН

ҚАРАУ ТӘРТІБІ

17.1. Орындаушы ақша қаражатын қайтаруға байланысты Пайдаланушылардың өтініштерін қабылдайды және тіркейді.

17.2. Орындаушы өтінішті қарау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды Серіктестен сұратуға құқылы. Серіктес сұратылған ақпаратты сұратуды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беруге міндетті.

17.3. Орындаушы Пайдаланушының өтінішін қарайды және Пайдаланушы мен Серіктестен алынған ақпаратты, сондай-ақ Сервис деректерін басшылыққа ала отырып шешім қабылдайды.

17.4. Орындаушы құқылы:

  • Пайдаланушының шағымын қанағаттандырудан бас тартуға;
  • шағымды реттеу үшін Пайдаланушыны тікелей Серіктеске жіберуге (егер шағым тек өнімнің сапасына немесе құрамына қатысты болса).

17.5. Серіктес Пайдаланушылардың шағымдарын қарау мәселелері бойынша Орындаушымен өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаны тағайындауға және осындай тұлғаның байланыс деректерін Орындаушыға беруге міндеттенеді.

18. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

18.1. Осы Оферта Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

18.2. Барлық хабарламалар электрондық пошта немесе жеке кабинет арқылы жіберіледі.

18.3. Офертаның талаптарының біреуін жарамсыз деп тану қалған талаптардың жарамсыздығына әкеп соқпайды.

18.4. Осы Оферта орыс және қазақ тілдерінде жасалды. Сәйкессіздік жағдайында орыс тіліндегі мәтін басым күшке ие.

19. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

  • «NObal» ЖШС
  • БСН: 260740021525
  • Заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Жамбыл көшесі, 118-үй, 57-пәтер, пошта индексі 050012
  • Нақты мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Жамбыл көшесі, 118-үй, 57-пәтер, пошта индексі 050012
  • ЖСК: KZ56601A861090512211
  • БСК: HSBKKZKX
  • Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
  • Телефон: +7 (706) 667-70-10
  • e-mail: contact@nobal.kz